Жұбан мазары. 1880-1898 жылдар.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстікке қарай 90 км.

Координаттары: N 47°24'14.3" E 54°47'56.1"

Сипаттамасы: Құрылыс 1880 жылы басталып, 1898 жылы аяқталды. Шебер өз есімін кесененің солтүстік қабырғасының ішкі жағында жазба жазу арқылы мәңгіге қалдырды, онда оның аты және оның жұмысына ақы төлеу көрсетілген.

Төлем сол кездегі стандарттар бойынша өте қымбат, яғни 20 мың рубль, 10 жылқы, 122 қой, бір пұт шай және 15 пұт қант болған.

Кесене қазақ халық сәулет өнерінің ең көрнекті ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ол 20 метрлік тегіс төбенің басында орналасқан, өйткені дәстүр бойынша мұндай құрылыстарды салу үшін әрдайым аймақтағы ең биік орын таңдалды. Осы жерден көптеген шақырымдардың даланың әсем көрінісі ашылады, әсіресе көктемде, далада көптеген гүлдер мен шөптер гүлдеген кезде әдемі болып көрінеді.

Кесене құрылысының тарихы туралы аңыз бойынша кесенені молда Жұбанның тапсырмасы бойынша белгілі шебер Нұғман салған, сол кезде оның даңқы өлкеден тыс жерлерге де тараған. Алайда кесене құрылысының тағы бір нұсқасына, сәйкес бұл сәулет ескерткішін атақты шеберлер - ағайынды Оңғарбай, Мұңалбай, Өмірбай, Итбай, Иманбай Қаражүсіповтер тұрғызған. Бұл нұсқа тарихи тұрғыдан алғанды нақты шындыққа сай келеді.

Жұбан кесенесі оңтүстік бағыттағы кіреберісі бар бір камералы күмбезді кесене (сыртқы өлшемі бойынша 5,85х6,75 м). Композициялық тұрғыдан ескерткіш екі негізгі бөлікке бөлінеді: ғимараттың негізгі төртбұрышты сүйеніші және оның үстіндегі барабандағы дулыға тәрізді күмбез. Кесененің барлық қасбеттері терең емес қуыстары бар тік және көлденең бөліктерге бөлінген. Қасбеттердің композициясы жоғарғы қабаттың ортасында орналасқан жұқа кесілген жалпақ рельефті оюмен көмкерілген. Оңтүстік қасбеті оның үстіндегі парапет құрылғысымен ерекшеленеді. Кесененің қабырғалары кесілген ұлутас блоктарынан тұратын плитамен қапталған. Кесене төбесі жабындысының негізі тік бұрышты қабырғалардың барабан шеңберіне өтуі кезінде, белдіктерге бекітілген жалған аркадан тұрады. Төменгі қабат қасбеттері интерьер алаңында сақталған және ойықтар жандары бұрандалы кескіндегі өрнекпен көмкерілген. Солтүстік қабырғада нашар сақталған араб әріпті эпиграфика бар. Жерлеу бөлмесінде Жұбан зираты құлпытасымен және 4 жерлеу орны сақталған.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.155-156;

2.Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало – Каспийского региона) – Алматы, 2002 – С.142;

3. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. 159-160;

4. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Жылыой Мақат аудандары. Т.III. - Атырау, 2013.- 9-10 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі