Төменгі Ембі (Қызылқала) бекінісі. ХІХ ғ.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылынан батысқа қарай 7 км.

Координаттары: N 47°04'27.4" E 53°44'35.7"

Сипаттамасы: Бекіністің батыс бөлігінен 1,5 км жерде Жем өзені ағып өтеді. Бекіністің мөлшері 350х100 м. Бекіністе шикі саман тастан және күйдірілген кірпіштен салынған әскер казармаларының, тұрғын үйлердің қираған үйінділер орындары бар.

Жергілікті тұрғындар бекіністі "Қызылқала" деп атайды, бастапқы атауы белгісіз.

Бекіністе ұсталық шеберхана, наубайхана, балық өңдейтін завод жұмыс істеген. Қызылқала бекінісін 1964-1970 жылдары жергілікті өлкетанушы Ибатай Нығметжанов қазған. Бекініс ХVІІІ ғасырдың аяғында балық өндірісі ауылы және Ресейдің оңтүстігіндегі шекара заставасы ретінде салынған.

Әдебиеттер:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Жылыой Мақат аудандары. Т. III. - Атырау, 2013.- 210 бет;

2. Афанасьев В.К., Бисенов С.Б., Галкин Л.Л., Работы в Западном Казахстане// Археологические открытия,1975-М., 1976;

3. Касенов М.С. Атырау-Каспий ойпатындағы отырықшылық ескерткіштері.- Атырау – 2011. - 113 бет.

Сайт мәзірі