Қызылқорған қалашығы. ХV-ХVІІІ ғғ.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 31 км.

Координаттары: N 47°11'10.2" E 54°14'79.3"

Сипаттамасы: Қалашықтың көлемі 400х400 м, қорғанның сыртқы қоршауының биіктігі 2 м, ені 2,7 м., қоршаудың сыртынан ені 10 м, тереңдігі 1 м болатын ормен қоршалған.

Қалашық ішінен орталығынан батыстан шығысқа қарай көлемі 100х30 метр, биіктігі 1 метр болатын құрлыс қирандыларының үйіндісі созылып жатыр. Қалашық бетін шөп басқан. Беткі беттен қыш ыдыс сынықтарының қалдықтары жиналды. Қыш ыдыстар қыш ұнтақтардың (шамот), қамыс үлпегінің және кварц құм қосындыларынан жасалған. Бұл сынық қалдықтары өте ұсақ майда қара және қызыл түсті болып келеді. Қалашыққа кіретін қақпаның орны байқалмайды. Қала қоршауының шығыс жағында триангуляциялық белгі орнатылған.

Әдебиеттер:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Жылыой, Мақат аудандары. Т. III. - Атырау, 2013.- 209-210 бет;

2. Афанасьев В.К., Бисенов С.Б., Галкин Л.Л., Работы в Западном Казахстане// Археологические открытия,1975-М., 1976;

3. Касенов М.С. Атырау-Каспий ойпатындағы отырықшылық ескерткіштері.- Атырау – 2011. - 113 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі