Ақмешіт қорымы. XVIII ғ. - ХХ ғ. басы.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан шығысқа қарай 70 км, Ақкиізтоғай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 28 км қашықтықта.

Координаттары: N 47°08'43.5" E 54°45'58.0"

Сипаттамасы: Қазақстанның аса маңызды киелі нысандардың тізіміне енгізілген. Ескерткіштің аумағы 4,9 гектар жерді алып жатыр.

Қорғалатын аймақтың жалпы ауданы 18,3 гектарды құрайды. Оның ішінде: қорғау аймағының ауданы– 4,9 гектар, құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 13,4 гектар.

Кешен XIX ғасырдың басында діни ағартушы, ислам ғалымы және талантты сәулетші Бекет ата салған Жем өзенінің жанындағы бірнеше құрылыстар мен жерасты мешітінен тұрады.

Ақмешіт қорымы тарихи және көркемдік қана емес, сонымен бірге үлкен рухани маңызы бар ескерткіштер ансамблі. Бұл Қазақстан тұрғындары әулие ретінде қадірлейтін діни қайраткер Бекет атаның отаны. Мұнда Бекет атаның әкесі, анасы және әпкесі жерленген.

1771-1774 жылдары Бекет жер асты мешітін тұрғызып, ағартушылық, рухани және емдік қызметпен кеңінен айналысты, балаларға тәлім берді. XIX ғасырдың ортасындағы деректерге сәйкес, Ақмешіт – бұл үңгір типіндегі кішкентай кешен, қатты бор жынысын ойып қашап жасалған және төбесі бар үш іргелес дөңгелек бөлмелерден тұрады. Мешітке кіреберіс тар ұзын өткел түрінде жасалған, күмбездегі бірінші бөлмеде кішкене ойықболған. Қабырғаларда қуыстар, соның ішінде ойылған михраб бар. Мешіттің жанында шағын қорым пайда болды.

Мешіттен басқа ансамбль 32 құлпытас, 2 қойтас, 2 күмбезді кесене мен бір сағанатамадан тұрады (жерлеу басында төбесі ашық және төбесі сәл көтерілген қоршау түріндегі қабір үсті құрылысы). Сәулет-сәндік және тарихи-этнографиялық маңызы бар 13 құлпытастар сақталған.

Кеңес заманында Бекет атаның өзі салған бастапқы мешіт қиратылды.

Қазір 1995 жылы салынған мешіт және әулиенің ата-анасы мен кіші ұлының қабірінің үстіндегі кесене бар. Тәуелсіздік алғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде заманауи кешен пайда болды. Қазір қонақ үй, табынушылар үйі және мұражай бар.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Энциклопедия. - Астана, 2018 – С. 127-129;

2. Ажигали С.Е.Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона)- Алматы, 2002. – С.131;

3. Эпиграфические памятники атырауских казахов. – Т.I – Атырау, 2017 - С.13 – 35;

4. Сакральные объекты Казахстана общенационального значения. – Астана, 2017 – С.255-257;

5. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Жылыой Мақат аудандары. Т.III. - Атырау, 2013.-46-54 бет;

6. История и культура Атырау в русских источниках (XVIII-XX вв.) Том 1. / сост. Кипиев М.- Атырау, 2014.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі