Дүйсеке мешіті. XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басы.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Жылыой ауданы, Құлсары қаласынан солтүстікке қарай 10 км қашықтықта.

Координаттары: N 47°02'37.3" E 54°02'10.0"

Сипаттамасы: Дүйсеке мешітіне оны салған руы таз Дүйсенбай Дәндіқұлұлының есімі берілген. Қазір мешіт Құлсары қаласындағы рулық зираттың рухани орталығы болып табылады.

Мешіт XIX ғасырдың соңғы онжылдығында Жем арқылы Құлсарыға өтетін көпірдің батыс жағында салынды және тез арада табынып құшылық ететін орнына айналды. Сәулет стилі бойынша бұл бастапқыда көп күмбезді шикі саман тастан салынған мешіт. Бұл тип XIX ғасырдың ортасынан бастап тарала бастады және көшпенділердің тұрақты "қыстауы" (жайылымы бар қысқы тұрақтары) қалыптасқан жерлерде қалыптасты. Мешіттің құрылысшысы – халық сәулетшісі, сол кездегі мешіттер құрылысының шебері Бірман ұста болды.

Ғимарат ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында салынған. Мешіт төртбұрышты, оңтүстік жағында қосымша ғимарат бар. Құрылыс материалы ретінде шикі саман тасты және күйдірілген саздан жасалған кірпішті, сондай-ақ қарағаш бөренелерін пайдаланған. Мешіт 6 күмбезден және ішкі жағынан екі тірек бар. Мешіттің ұзындығы 26,10 м, ені 10,20 м.

Мешіттің имамы қажы Дүйсенбай Дәндіқұлұлы болды, одан кейін оның баласы Нәби әкесінің ісін жалғастырды. Мешіттің бірінші имамы Дүйсеке Дәндіқұлұлының бейіті мешіттен шығысқа қарай он метр жерде орналасқан. Қабірінде оның өмір сүрген уақытын көрсететін (1833 – 1903 ж.) құлпытас орнатылған. Тарих деректер және 1957 жылғы темір плитаға сәйкес мешіт 1888 – 1903 жылдары (кейбір деректерде, 1868 – 1870 жж.) салынғаны айтылады.

Мұнда Бөгенбайұлы Дәріштің ұлдары мешіт жанындағы медреседе азаншы және оқытушы ретінде қызмет еткен. Солардың бірі, Қалдыбай ата 30 жыл мешітте азаншы болған. Оның керемет, әдемі дауысы болған, Сабыр Әбеновтің айтуынша, Қалдыбай ата таңғы намазға шақырған кезде оның дауысы Шоқпартоғай ауылынан Мойылды ауылына дейін естілгенін айтады. Екі ағасы – Ахмет пен Оспан азаншы және мешіт жанындағы медреседе оқытушы болып қызмет жасады.

Сәулет ескерткіштерін қорғау жөніндегі республикалық ұйым жергілікті халықтың көмегімен мешітті қалпына келтірді. Жем арқылы өтетін көпірде "Дүйсеке ата көпірі" деп атап көрсеткіш орнатылған.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Энциклопедия. - Астана, 2018 – С. 172-173;

2.Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало – Каспийского региона) – Алматы, 2002 – С.131-132;

3. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. 158;

4. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі