Успен шіркеуі, 1883 ж.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4.

Координаттары: N 47°06'43.7" E 51°54'14.1"

Сипаттамасы: Атырау қаласының ең ежелгі және әдемі ғимараттардың бірі. Ғимарат алтын жалатқан жеті күмбезді, күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.

Көлемі 4500 шаршы куб. Жалпы ауданы 230 шаршы метр. Шіркеу 900 орынға арналған. Успен шіркеуінің ұзындығы 45 м, ені 14м, басты күмбезінің биіктігі 40 м, ал жіңішке күмбездердің биіктігі 10 м. Архитектуралық құрылыс стилі жағынан орыс-византиялық стилі басым болып келетін түрлі бағыттардың жиынтығынан тұрады.

Толық - Әулие Успения шіркеуі немесе Успен соборы деп аталады. Собор құрылысы 17 жыл бойы жүріп көпес Ф.И.Тудаковтың қаржысына салынып, 1886 жылы ашылды, ал шіркеу қызметі 1888 жылдан бастап жұмыс жасады. 1924 жылдан 1947 жылдары аралығында собор жабылып, жарамсыз күйге айналды.

1991 жылы Орал епархиясының құрылуына байланысты шіркеу кафедральдық собор статусын алды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 2000 жылы собор ғимараты қайта жаңартылып қазіргі келбетке ие болды. Қайта жаңарту жұмыстарын Ульяновск қаласынан келген ресейлік мамандармен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы материалдық мәдениет ескерткіштері институты жүргізді.

Қазіргі кезде собор қызмет жасап тұрған православтық шіркеу. Мұнда Мәскеу Патриархы әулие Тихонның, осындай монахин Диевскийлердің, Алматы митрополиті әулие Николайдың жәдігерлері сақталуда. Сонымен қатар, Құдай ана Успенияның (Храмдық иконын), Құдай ана Тихвиннің және Алматы митрополиті әулие Николайдың икондарын ерекше пір тұтады. Орал епархиясының құрылуымен және жетекші архиеридің тағайындалуына байланысты екінші кафедралдық Собор статусы берілді.

 

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.225-226;

2. Почему Успенский собор и Никольская церковь похожи? – Прикаспийская коммуна,27.08.2018.;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 109 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі