"Орал" мейрамханасының ғимараты, ХІХ-ХХ ғғ.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 39.

Координаттары: N 47, 112023° E 51, 916488°.

Сипаттамасы: Ғимараттың сәулетшісі белгісіз. Ғимарат биік, тік бұрышты бір қабатты. Кірпіш ерекше негізде қаланған. Металды жабындымен жабылған. Терезелері тіректі аркалармен безендірілген. Жалпы көлемі 1800 шаршы метр. ХІХ ғасырдың соңында салынған.

Купес Ф.И.Тудаковтың түрлі товарлар сату үшін салынған бұрынғы дүкені. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ф.И.Тудаков Атырауда ең ірі саудагерлердің бірі болған.

Осы кезге дейін жақсы сақталған және «Орал» мейрамханасы ретінде пайдалануда.

Әдебиет:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 105 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі