Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіРеспубликалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Сүлеймен Сауырғалиев көшесі, 1.

Координаттары: N 47°05'52.8" E 51°53'55.6"

Сипаттамасы: Мәдениет сарайы мұнайшыларға арналған тұрғын-үй қалашығымен бірге салынған. Бұл Гурьев мұнай өңдеу заводы құрылысын салу үшін, Атырауға келген мамандар мен жұмысшылардың сұранысын қанағаттандыруға арналған тұтас тұрғын-үй, мәдени-демалыс және тұрмыстық құрылыс кешені.

Сәулетшілер А.В.Арефьев пен С.В.Васильковский тұрғын үй қалашығы құрылысының біріңғай бас жоспарын жасады, соның ішінде мәдениет сарайы маңызды орын алды. Қалашықтың жалпы құрылысы 1943 – 1948 жылдары аралығында жүргізілді.

Қалашықта жалпы тұрғын-үй аумағы 10 160 шаршы метр болатын 55 тұрғын үйлерден, жеті жылдық мектептен, балалар бақшасынан, орталық бу қазанынан, ауруханадан, наубайханадан, су құбыры мұнарасынан, сыртқы жылу және кәріз желісінен, жасыл желектерден және саябақтан тұрды.

Мәдениет сарайы 1948 жылдың қазан айында пайдалануға беріліп, қалашықтың және барлық Атырау қаласының орталық нысанына айналды. Ғимарат құрылысын «Қазмұнайқұрылыс» тресті тұрғызды. Мәдениет сарайының басты көзтартарлық орны 400 көрерменге арналған керемет көрермен залы болып табылады. Бұдан басқа, үйірме жұмысына арналған бөлме, көрме және ашық шаралар өткізуге арналған кең фойе залы қарастырылған.

Қазіргі уақытта Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы – Атыраудағы қаланың мәдени өмірінің орталығы болып табылады. Жыл сайын мәдениет сарайында мерекелерге арналған салтанатты шаралар, кинофильмдер көрсету, классикалық сазды және эстрада жұлдыздарының концерттері, фестивальдар мен конкурстар, жастарға арналған және басқада көптеген 500 – ден астам түрлі маңыздағы шаралар өткізіледі.

Мәдениет сарайы жанынан шығармашылық ұжымдар және балалар мен ересектерге арналған үйірмелер қызмет жасайды.

Әдебиеттер:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 96 бет;

2. Сакральный Казахстан. Т. 2. – Астана, 2018 – С.130 – 131;

3. Есенов Ж. Первенец нефтепереработки Казахстана.Т.1. - Атырау, 2011-252 с.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі