Махамбет Өтемісовтың 200-жылдығына арналған «Исатай-Махамбет» сәулеттік-мемориалдық кешені. 2003 ж.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Қ. Сәтбаев пен И. Тайманов даңғылдарының қиылысы.

Координаттары: N 47°06'26.4" E 51°54'09.8"

Сипаттамасы: Ескерткіш сәулетшілері С.Т. Бөкебай мен Б.Х. Тайталиев, мүсіншілер Б. Әбішев пен Е.Сергебаев тұрғызған.

Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов қазақ халқының даңқты ұлдары, бостандыққа ұмтылысты, патриотизмді және еркін рухты бейнелейтін 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшілері.

Сәулет-мемориалдық кешен 3 бөлімнен тұрады: Махамбет пен Исатай монументі, Ақ жол аллеясы және ландшафтты шағын саябақ. "Исатай-Махамбет" монументінің өзі екі метрлік тұғырға орнатылған, әрқайсысының биіктігі 5 метрден асатын, қоламен көмкерілген екі фигуралы ат композициясынан тұрады. Ансамбльдің жалпы биіктігі шамамен 11 метр. Оның аумағында биіктігі 1,7 метр болатын 16 гранит блоктар симметриялы орналастырылып, оларда Махамбеттің өлеңдері жазылған. Монументтің артқы жағында ашық қорған болып табылатын кесілген сфера, оның қимасында мөлшері 14х2,8 метр болатын «Халық Жолы» барельефі бейнеленген, ол көтеріліс басшыларының халықпен бірлігі туралы баяндайды.

Мемориалдық кешен Атырау қаласында Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Кешен қаланың екі рухани орталығы – жаңа орталық «Иманғали» мешіті мен Успен шіркеуі арасында орналасқан және олармен бірге тұрғын үй кешені біртұтас қала құрылысы ансамблін құрайды.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т. 2. – Астана, 2018 – С.131 – 132;

2.Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 100-102 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі