Күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының (1818-1889 жж.) ескерткіші, 2000 ж.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы.

Координаттары: N 47°05'40.0" E 51°55'24.5"

Сипаттамасы: Сәулетші Қ.Жарылғапов, мүсінші Е.Рахмадиев. Гранитті тұғырдың биіктігі – 4 метр, қола мүсіннің биіктігі – 4 метр, жалпы ескерткіштің биіктігі 8 метрді құрайды.

Құрманғазы Сағырбаев 1823 жылы Жиделі ауылында дүниеге келіп, 1889 жылы қазіргі Астрахан облысының Алтынжар селосында жерленген.

Құрманғазы – қазақ саз өнерінің классигі, көпке танымал күйлердің авторы. Күйші шығармаларының басты бағыты халық пен жеке тұлғалардың еркіндік тақырыбына арналады. Оның шығармалары ішінде ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтың жетекшілігімен болған ұлт-азаттық көтерілісіне ерекше көңіл бөлген. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы шығармаларының бірі - "Кішкентай" күйін арнады. Кейінгі күйлерде "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" т.б. ол халықтың бостандық туралы арманын жырлайды, әділетсіздікке наразылық білдіре отырып, қоғамдық мүдделердің қақтығысын көрсетеді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынастың ерекше әлеуметтік-психологиялық сәттері айқын көрінеді. «Аман бол шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» күйлерінен адам дауысының, табиғаттың, тірі қарым-қатынастың интонациясы айқын байқауға болады..

Ескерткіш тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген және мемлекеттің қорғауына алынған.

Әдебиеттер:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 88 бет;

2. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С. 197-199.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі