Өскенбай қорымы. XIX-XX ғғ.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Махамбет ауданы, Есбол ауылынан шығысқа қарай 30 км.

Координаттары: N 47°40'53.8" E 52°03'13.7"

Сипаттамасы: Қорым XIX-XX ғасырларда пайда болған. Қорымдағы негізгі басты нысан Өскенбайдың күмбезді бір камералы кесенесі болып табылады. Кесененің ішінде оңтүстік-батысқа бағытталған шыға беріске апаратын шикі кірпіштен қаланған баспалдақ бар.

Іргетасы жоқ шикі кірпіштен тұрғызылған. Кесененің төрт қабырғасы жоғары қарай көтеріліп күмбез түзе отырып бір-бірімен ұштасады. Төбесінде тесік бар. Ескерткіш жартылай қираған ескірген күйде.

Кесененің күмбезі пішіні жағынан қазақтың киіз үйіне ұқсас болып келеді. Шикі саз кірпіштен тұрғызылған. Кесененің көлемі 10х9,98 м, жалпы биіктігі 8,8 м.

Әдебиеттер :

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Атырау қаласы және Махамбет ауданы. IV Т. - Атырау, 2013.- 223-224 бет;

2. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и Западного Казахстана – Алма-Ата, 1956;

3. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі