Тілегенмола қорымы. XIX -ХХ ғ. басы

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км. Сарыкөл қыстағынан оңтүстік-шығысқа қарай 6,8 км.

Координаттары: N 48°09'22.4" E 52°52'33.4"

Сипаттамасы: Тілеген мола қорымы XIX – XX ғғ.басын қамтиды. Қорымның жалпы ауданы 87,0х166,0 м, оны көрнекті этнограф С.Е. Әжіғали басқарған экспедиция зерттеген.

Бұл құлпытастар, қоршаулар мен кесенелер сияқты діни және жерлеу құрылыстары мен ғимараттарының ансамблі. Қорым халық арасында танымал және сүйікті әулие Тілегеннің есімімен аталған. Ол қуғынға ұшырағандықтан, мұнда ол жерленбеген, бірақ оған биіктігі 10 метр шикі кірпіштен салынған пирамида тәріздес кесене тұрғызылған.

Қазір бұл ғибадат орны, онда көп адамдар дұға етуге келеді.

Әдебиеттер:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012 - 36 бет;

2. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі