Әулие Сұлтануайс атаның жерленген жері. 1993 ж.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіТарихи-мәдени мұра объектісі

Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылынан солтүстікке қарай 10 км.

Координаттары: N 48°37'38.3" E 53°28'42.3"

Сипаттамасы: Сұлтануәйіс мазары дәстүрлі төртқұлақ түрінде тұрғызылған. Араб алфавитінде жазуы бар қабір басына қойылған құлпытас уақыт өте келе құлаған. 1993 жылы мазар жаңартылып, оның жанында келушілерге арналған үй (түнек) және мешіт бар.

Сұлтануәйіс Ыбырайұлы (1838-1887 жж.) Жайық Беріш руынан шыққан, 1838 жылы Тайсойған деген жерде, бүкіл қазақ даласына белгілі Өтеміс отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Ыбырай көрнекті ақын және тәуелсіздік үшін күрескер Махамбеттің туған інісі. Әулие 1887 жылы 49 жасында қайтыс болды.

Сұлтануәйіс ата өзінің қысқа өмірінде халық арасында бедел мен құрметке ие болды. Өзінің туған ауылы Тайсойғанда, Жарыпшыққан өзенінің жағасында, ол өзінің туыстарының кедергілеріне қарамастан, мешіт салып, жергілікті балаларды ислам ілімдерін үйретуге ықпал етті.

Халықтың қолдауымен, Сұлтануәйіс ата әулие жолына түседі. Ол өз үйін Жарыпшыққан өзенінің қарама-қарсы жағалауына көшіреді.

Сұлтануәйіс ата көзі тірісінде халық арасында емші ретінде танылып халықты емдейді. Әңгімелердің бірінде Сұлтануәйіс әулие ежелгі аңыздарға сәйкес Мойесей жасаған библиялық ғажайыпты қайталады – Израиль ұлдарының Қызыл теңіздің ағып жатқан суынан өтуін ұйымдастырып, сол арқылы бауырларын Отанына қайтарады. Жазда Сұлтануәйіс ауылы қыстаудан жайлауға көшіп бара жатқанда, Жарыпшыққан өзенінен өту керек болды, бірақ су өзен арнасынан асып кеңге жайылады. Содан кейін ауыл ақсақалдары Сұлтануәйіс атадан көмек сұрайды, ол өзеннің суын намаздың күшімен бөліп тоқтатып, қарама-қарсы жағалауға өтуге мүмкіндік жасайды.

Ол әрқашанда адамдарға көмектесіп қол ұшын беруге әзір тұратын, өзінде ертеңге ішетін тамағы жоқ екенін біле, қолындағы соңғы нанмен бөлісетін. Ол үлкен немесе кіші демей барлығына бірдей құрмет көрсетін.

Сұлтануәйіс ата қайтыс болғаннан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның жасаған жақсылық істері халықтың жадында қалды, өйткені оның қасиетті күші мен киелілігі тірілерге қолдау мен көмек көрсетеді.

Оның жерленген жерінің емдік күшінің соншалықты екенін ақыл-ойдың бұлдырлығымен келген адамдар толығымен ауруынан айығып түзеліп кетеді. Сұлтануәйіс ата рухы жақсы ниетпен келіп сенетіндердің барлығын қолдайды.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.187;

2. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. 152;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.-43 бет;

4. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі