«Алып - ана» қорымы. XIX ғ.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км.

Координаттары: N 48°10'13.5" E 54°57'31.3"

Сипаттамасы: Алып Ана қорымы XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңіне жататын діни-жерлеу кешені. Ғимарат әк тас пен құм материалдарынан тұрғызылған.

Алып ана қорымы күйдірілген кірпіштен қаланған кішігірім күмбезді кесенелерден және әр түрлі деңгейде сақталған көптеген құлпытастардан (құлпытас ескерткіштері-стелалардан) тұрады.

Ескерткіштің аумағы 3,2 гектар жерді алып жатыр. Қорғалатын аймақтың жалпы ауданы 16,6 гектарды құрайды. Оның ішінде: қорғау аймағының ауданы – 4,4 гектар, құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 12,2 гектар.

Әр түрлі жазбаша дереккөздер мұнда мықты және батыл алып әйел жерленгенін айтады. Кейбір аңыздарда Алып ана елге танымал Түкті Шашта Әзиз бабаның әйелі болған деп айтылады.

Негізінен қабір үсті құрылыстары маңғыстаулық Үстірт стилінде шикі саздан және ақ кірпіштен тұрғызылған. Қорымда көбінесе күйдірілген кірпіштен жасалған кішкентай күмбездер мен әр түрлі қабір тастары кездеседі. Қабір тастарында әйелдердің зергерлік бұйымдары мен аяқ киімдерінің суреттері бейнеленген.

1979-1980 жылдары "Қазреставрация" бірлестігінің экспедициясы зерттеген (жетекшісі С.Е. Әжіғали).

Әдебиеттер:

1. Алып-Ана // Казахстан. Национальная энциклопедияАлматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.  Т. I.;

2. Ескерткіштер тарихи. – Путеводитель по памятникам. _ Актобе,1992;

3. Ажигали С.Е. Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана, А., 1994;

4. Сакральный Казахстан.Т.2 – Астана, 2018 - С. 129;

5. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. 146;

6. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.-27 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі