Ақын Шернияз Жарылғасұлының (1806-1867 жж.) жерленген жері. 1867 ж. (2006 жылы қабір үстіне мазар салынды)

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылынан батысқа қарай 25 км, Жантерек ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 км.

Координаттары: N 48°02'03.8" E 54°08'13.4"

Сипаттамасы: Ақынның жерленген жерін 1977 жылы Атырау облысының әдебиет тарихын зерттеуші Б.Аманшин анықтаған. Қабірдің орналасқан жері "Шернияз аға" деп аталады.

Етегінде ақ бор болғандықтан, жоталар алыстан ақ болып көрінеді. Қабір тасында: Шернияз Жарылғасұлы 1867 жыл, 60 жыл сандары анық оқылады:

2006 жылы ақ тастан заманауи кесене салынған. Кесененің мөлшері 3х3 м, биіктігі - 7 м. Сәулетшісі З. Медетбек.

Шернияз Жарылғасұлы (1806-1867 жж.) - ХІХ ғасырдағы танымал қазақ ақындарының бірі. Ақтөбе облысының қазіргі Ойыл ауданының аумағында дүниеге келген. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовтың басшылығымен 1836-1838 жылғы көтеріліске белсене қатысып, оның идеологтарының бірі болды, халық қозғалысын өлеңмен жырлады. Жеңілістен кейін қудалаудан қашуға мәжбүр болды. Кейіннен Сұлтан Баймағамбеттің қол астында болып, қалған өмірін сол жерден өткізген.

Өкінішке орай, оның кейбір шығармалары бізге дейін жетпеген. Бірақ, халыққа арасында ең танымал – шығармалары арасынан Исатай Тайманов туралы көптеген жырларын алуға болады, онда Шернияз батырдың батырлық тұлғасын, оның ерліктері мен мінезін сипаттайды.

ХХ ғасырдың басындағы ұлттық өрлеу жылдарында Шернияз ақынның мұрасы кеңінен зерттелді. 1925 жылы Мәскеуде С.Мұстафаұлының "Шернияз ақын" атты кітабы, Х. Досмұхамедовтың "Шернияз кім?». Атақты Әлихан Бөкейханов өзінің "Шернияз" кітабында ақынның өлеңдері мен жырларын сипаттай отырып, оның шешендігі мен шешендік өнерін жоғары бағалаған. Сол жылы Х. Досмұхамедов Шернияз туралы сюжетті өзінің "Исатай-Махамбет" кітабына енгізіп, оны дарынды шешен және ақын ретінде сипаттады.

Қазіргі уақытта Шернияз шығармашылығы мектептер мен университеттерде оқытылуда. Ол замандастарына рухани күш береді, ұлттық мақтаныш пен патриотизм сезіміне тәрбиелейді.

2006 жылы Атырау облысы ақынның 200 жылдығын атап өтіп, оның қабіріне ақ тастан күмбезді кесене тұрғызды. Кесененің екі жақтауына "Жүйріктің шаң тимеген тұяғына, Күміс шаптым жырымның қияғына " деген жазу бар. Екі жағында да сегіз жолақты араб жазбалары бар, әр жол аралары белдіктермен бөлінген қашалған ойықтарда орналасқан. Кесененің жоғарғы маңдайынан «Ақын Шернияз Жарылғасұлы 1806 – 1867» деген жазуды көруге болады. Сондай-ақ кесене қабырғасында қазақтың ұлттық ою-өрнектері, домбыра мен қалқан бейнеленген.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.148-149;

2. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. 149;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.-26 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі