Шіркеу ғимараты. XIX ғ. соңы

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Құрманғазы ауданы, Жыланды ауылынан батысқа қарай 10 км қашықтықта, №3 разъезден оңтүстік-шығысқа 1,5 км.

Координаттары: N 46°39'02.5" E 48°32'50.9"

Сипаттамасы: XIX ғасырдың соңында салынған. Қызыл кірпіштен салынған ғимарат. Қираған күйде. Ғимараттың көлемі 1434 текше метр., жалпы биіктігі -12,6 м., жоспардағы негізгі мөлшерлері сәйкесінше - 10,8 және 9,4 м.

Шіркеу өткен ғасырдың соңында, революцияға дейін тұрғындары балық аулау, сауда және егіншілікпен айналысқан бұрынғы ескі ірі орыс Кордуан ауылының орталығында салынған. Шіркеудің күмбезі мыстан жасалған, ішкі қабырғалары мен төбелері жарқын кескіндеме, әулиелердің бет-әлпеті боялып бейнеленген. Шіркеудің орталық кіреберісіндегі қабырға үлкен крест бейнесімен безендірілген. Ғимарат – дәстүрлі, православие шіркеулеріне тән архитектуралық стильмен салынған.

1920 жылға дейін ауыл Астрахань губерниясына тиесілі болды. Қазақ АКСР құрылуымен бұл жерлер тарихи тұрғыдан Қазақ автономиялық республикасына берілді.

Кордуандағы үйлер ағаштан жасалған, көшелері кең. Ауыл Қиғаш өзенінің жағасында орналасқан. 1956 жылға дейін мұнда "Память Ильича"балық аулау колхозы болған. Каспийдің таяздануы мен теңіз суының кейін қайтуына байланысты балық аулау кәсібі жойылады. Екі ұжымшар біріктірілгеннен кейін орталық Көптоғай ауылына көшірілді. Көп ұзамай ауылдың жанынан темір жол салынды, соңғы тұрғындар бұл жерден кеттеді. Шіркеу ғимараты ғана қалды, ол біртіндеп құлайды. Қазір тек бұрынғы әдемі ғимаратты еске түсіретін тек қабырғалары ғана қалған.

 

Әдебиеттер:

1. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало–Каспийского региона) – Алматы, 2002 – С.171;

2. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай, Құрманғазы аудандары. – Алматы, 2012 –б. 156.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі