Орыс-қазақ училищесі ғимараты. 1894 ж.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіТарихи-мәдени мұра объектісі

Географиялық орналасқан орны: Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылында, Халит Испулаев көшесі, 15 үй.

Координаты: N 46°36'24.1" E 49°16'07.6"

Сипаттамасы: Бұл осы аумақтағы қазақ балалары үшін алғашқы ашылған мектеп. Ғимараты 1894 жылы салынған.

Бастапқыда мектеп қабырғалары ағаштан жасалып, төбесі темір қаңылтырмен жабылған. Ғимарат бір қабатты, ауылдың орталық көшелерінің бірінде орналасқан. XIX ғасырдың аяғындағы орыс сәулет дәстүрінде салынған. Бастапқы түрдегі ғимарат жобасы екі бөлімнен тұрды – сабақтар өткізілген негізгі ғимараттан және бастапқыда оқушылар мен мұғалімдер тұрған қосымша ғимарат.

Мектепті ұйымдастыру идеясын қазақтың көрнекті ағартушысы және осы шекара округінің әкімі Мұхамеджан Бекмұхамбетов (Мақаш) болған. Ол мектеп құрылысын салуға жеке қаражат бөлді.

Бұл Атырау облысындағы ең көне оқу орны. Көптеген жылдар бойы мектепте балалар оқытылып сабақ жүрді. Кейін ол музыкалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа айналды, ал 2011 жылы ол балалар кітапханасына берілді.

Әдебиеттер:

1. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай, Құрманғазы аудандары. – Алматы, 2012 –б. 46-157.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі