Мақаш қорымы. Мұхамеджан Бекмұхамбетов мазары. 2000 ж.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Құрманғазы ауданы, (№8 разъезд) Афанасьево ауылынан шығысқа қарай 5 км.

Координаттары: N 47°41'44.7" E 49°36'03.5"

Сипаттамасы: 2000 жылы шаршы пішінді, ақ тастан жасалған заманауи кесене орнатылды, әр жағының мөлшері – 6,4х6,4м, жалпы биіктігі биіктігі 10,6 м, төбесі күмбезді, кесененің төрт бұрышында ұшты ұзынша келген құлақтар (шпилдер) орнатылған.

Кіреберістің екі жағында үлкен жартылай қаланып безендірілген қабырғалар бар. Кесененің бас сәулетшісі М.Нұрқабаев.

Мақаш (Мұқамбетжан) Шолтырұлы Бекмұхамедов (1830 – 1904 жж.) - мемлекет қайраткері, ғалым – ағартушы. Мақаштың өмірі мен қызметін Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сынды замандастарымен бір қатарға қояды. Көрнекті билеуші, ғалым-этнограф, композитор, публицист ретінде танымал.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Мақаш Бекмұхамедов қырық жылдан астам уақыт бойы Еділ мен Жайық (Орал) арасында орналасқан Астрахань губерниясының бірінші және екінші Каспий маңы округтерін сәтті басқарды.

Ол отырықшы өмір салтын жақтады және округтерде балық аулау шаруашылығымен мен егіншілікпен белсенді айналысты. Мақаш өзінің "Қазақтардың тұрмысы мен мұқтаждықтары" атты бағдарламалық мақаласында аудандағы экологиялық жағдай және жайылымдарды пайдалану туралы, кедейшілікпен күрес, қазақтардың шығу тегі, көшпелілік және кәсіпкерлік, өндірісті дамыту және толық отырықшылық қажеттілігі туралы жазады.

Мақаш біз үшін ақын және жауынгер Махамбет Өтемісовтің лирасын ғасырлар бойы сақтап келді. Ол Махамбет өлеңдерін қағазға бірінші болып түсіріп, оның түпнұсқалығы айқындады. Осы негізде ақынның шығармалары бүгінгі күнге дейін жетті.

Мақаш "Ізгі тәлім" жинағын да баспаға дайындады. Онда бірегей хрестоматиялық материал – Асанқайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет және Есет сияқты ортағасырлық ақындар мен жыраулардың философиялық қара сөздері жинақталған. Осылайша, ол қазақ әдебиеті тарихының XV ғасырдан бастау алатындығын дәлелдей отырып, уақыттық шекарасын кеңейтті.

Мақаш жақсы білім алып, орыс, түркі, араб, парсы тілдерін білген. Ол көне қолжазбаларды, ескерткіштердегі мәтіндерді жақсы меңгерген, қазақ-ноғай фольклорын жазып алған. Ол балалық шағынан домбырада жақсы ойнаған күй шығарған, бүгінгі күнге дейін оның "Салық өлген", "Байжұма" және "Көкжорға" күйлері сақталған. Мақаш белгілі ақын Нұрыммен дос болған, Дәулеткерейдің композиторлық дарынын жоғары бағалап, асқан шебер домбырашы бір көзді соқыр Есжанды қамқорлығына алған. Ұлы Құрманғазыға әр қашанда оған қолдау көрсетіп басына қиын іс түскен жағдайларда, оны құтқарып отырған.

1897 жылы Мақаш Бекмұхамедов полктік есаул атағымен отставкаға кетіп, ұлдарымен бірге ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын дворян атағын алаған. Өмірінің соңына қарай Байұлы Шеркеш руынан шыққан Мақаш байлық жинамай, өте қарапайым өмір сүрді. Ол өз уақытында жеке жинақтарын мектептер мен мектептер салуға, топырақтың терең эрозиясынан зардап шеккен аудандарда көгалдандыру мен гүл отырғызуға жұмсады.

Мақаш 1904 жылы 74 жасында дүниеден өтті. "Астраханские ведомости" (№4, 1894 ж.) атты газетінде жарияланған "Қырғыз-қазақтардың тұрмысы мен мұқтаждықтары" атты мақаласында Мақаш Бекмұхамедов өзінің басты және жалғыз арманы туралы былай деп жазды: "Өз Отаныма деген сезім мен тілектестіктен туындаған, мен өзімнің қиялымды отырықшылықты қабылдау және сонымен бірге дұрыс қоғам орнату, жерді пайдалану тәртібінің және жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлі тәсілдерінің орнатылуы біздің халқымызды оның өндірістік күшінің сауда мен өнеркәсіпті дамыту бағытына жетелейтіні туралы арманымды көруге мүмкіндік аламын. Жақын арада Орда өзінің әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, бұрынғы байлығын молшылықпен және басқа да талғампаз және асыл түрінде қайтарар еді".

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Т.2. – Астана, 2018 – С.167-168;

2. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало – Каспийского региона) – Алматы, 2002 – С.167-168;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай, Құрманғазы аудандары. – Алматы, 2012 –б. 119-121;

4. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана – Алма-Ата, 1987.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі