«Таскран» шекаралық белгісі. XIX ғ.

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Исатай ауданы, Аққыстау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 1 км.

Координаттары: N 47°11'49.4" E 50°58'37.3"

Сипаттамасы: Таскран шекаралық белгісі 1870 жылы салынған. Жақсы сақталған. Жергілікті ландшафттың көрнекті элементі болып табылады. Оның негізі төртбұрышты шаршыға жақын, жоғарыға қарай кесілген пирамидаға айналады.

Жоғарғы бөлігінде фигуралы ағаш тірек орнатылған. Мұнараның көп бөлігі шикі кірпіштен, ал жоғарғы бөлігі қамыс пен саздан жасалған. Құрылыс нысаны кесенеге ұқсайды. Мұнараның мөлшері 7,8х7,0м, биіктігі: 10,5 метр.

Ол екі губерния шекарасында кезінде Орал облысы Орынбор губерниясынан жеке бөлініп шыққан кезде Астрахань губерниясымен шекараны белгілеген кезде орнатылған. Мұнара көшпелі қазақтар мен казак әскерлерінің жерлері арасындағы өзіндік шекара белгісі қызметін атқарған.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан.Т.2 – Астана, 2018 - С. 145;

2. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало – Каспийского региона) – Алматы, 2002 – С.171;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Исатай, Құрманғазы аудандары. – Алматы, 2012 –б. 42.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі