Ақын Мұрат Мөңкеұлының (1843-1906 жж.) жерленген жері. 1906 ж. (1993 ж. мазар салынған)

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Индер ауданы, Жарсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км.

Координаттары: N 48°17'19.6" E 51°37'09.6"

Сипаттамасы: Жыршы, суырып салма ақын Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылында дүниеге келген.

Ауыл молдасынан хат танып оқыған. Ол Есет би мен Абылды үлгі тұтқан, өзі Мұрын жырау Сеңгірбекұлының ұстазы болған. Мұрат Мөңкеұлы қазақ ауыз әдебиеті мұрасының сақтаушысы және әр қарай жалғастырушысы. Ол "Қырымның қырық батыры" эпикалық мұрасын, Шалкиіз бен Қазтуғанның шығармаларын орындады.

Жасөспірім кезінен бастап ақындарымен айтысқа түсе бастайды. 17 жасында Жылқышы ақынмен, 20 жасында Бала Оразбен, 25 жасында Жаскелең, Жантолы, Шолпан және Тыныштық ақындармен айтысқа түсіп барлығында жеңімпаз болып шығады. Ол өзінің жанқиярлық мінезінің, батыл әзілдері мен тапқырлығының арқасында әрқашан жетістіктерге жетіп отырды.

Мұрат Мөңкеұлы – зар заман дәуірінің көрнекті ақындары мен композиторларының бірі, өз халқының тәуелсіздігін армандап, оның еркі мен еркіндігін басуға қарсы шықты. Ата қонысының отаршылдық езгіге ұшырағанына налыған ақын, балалық шақтарында басынан өткен қайғы-қасіретін жиі еске алады.

Ақынның шығармашылығы өз халқының тағдыры "Үш қиян", "Сарыарқа", "Әттең, қапы дүние-ай", "Қазтуған" толғау жырларымын үндеседі. Бұл шығармаларда, ол жер мен әл-ауқат туралы айтылады. "Қарасай-Қази", "Шәлгез", "Ғұмар Қазиұлына айтқаны" жырларына діни аңыздарды арқау еткен.

Ақынның негізгі шығармасы - "Үш қиян". Мұнда ақын құндылықтар мен ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, сондай-ақ адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Отарлау нәтижесінде құнарлы жерлерін айырлған халықтың тұрмысының нашарлауы, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. "Оқудан қайтқан азаматқа" шығармасында ол білім алу, білімге баулу қажеттілігі туралы идеяны алға тартады. Ақын мұрасының бір бөлігі билікке – билерге және болыстарға айтқан арнау өлеңдері болып табылады.

Әдебиеттер:

1. Сакральный Казахстан. Энциклопедия. - Астана, 2018 – С. 180-181;

2. Региональные сакральные объекты Казахстана. – Алматы, 2017- С. 153;

3. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.-41,111 бет.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі