Дәрі қорымы. XIX ғ. - ХХ ғ. басы

<b>Нысанның мәртебесі</b>
Нысанның мәртебесіЖергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Географиялық орналасқан орны: Индер ауданы, Жарсуат ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 44 км, Қарабау ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 58 км.

Координаттары: N 48, 178662° E 52, 253235°.

Сипаттамасы: Қорымның атауы белгілі батыр, жауынгер, Беріш руының Қаратоғай бөлімінен шыққан Дәрі Қараұлының есімімен байланысты.

Аңыз бойынша әскери жорықтардың бірінде жаумен шайқас кезінде Дәрі қаза табады батырдың сүйегі еліне жеткізіледі. Батыр сүйегін әкеле жатқан түйе жүрісін тоқтатып төбенің басында тізе бүгеді, осы жерге батырды жерлеу туралы шешім қабылданады.

Осы жерлеуден бастап зират қалыптаса бастайды, көп ұзамай зират беріш руының жерлеу орнына айналды. Мұнда кіші жүзге белгілі ақын және батыр Есет Қараұлы жерленген, оның шығармашылығы қазақ әдебиетінде елеулі із қалдырған.

Қорым 150х160 шаршы метр аумақты алып жатыр. Қорымда 100-ден астам көзге көрінетін дәстүрлі ескерткіштер бар. Бұл ескерткіштер XIX ғасырдан бастап ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін салынған. Бұрын салынған көптеген қоршаулар қазіргі кезде құмды үйіндіге айналған. Табиғи факторлардың әсерінен көптеген құлпытастар бастапқы пішінін жоғалтқан.

Дәрі қорымы қазіргі кезеңдегі қазақтардың тарихы мен мәдениетінің ең маңызды ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Әдебиеттер:

1. Эпиграфические памятники атырауских казахов. Т.I.- Атырау, 2017 – С. 75-99;

2. Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы: Қызылқоға, Индер ауданы. - Атырау, 2012.-117-135 бет;

3. История и культура Атырау в русских источниках (XVIII-XX вв.) Том 1. / сост. Кипиев М.- Атырау,2014;

4. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и Западного Казахстана – Алма-Ата, 1956.

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Біздің желіміз...

  

Сайт мәзірі